423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Сергек» камераларынан он айда 5 млрд теңге кіріс түсті

  • 918
  • UPD: 20:31, 26.11.2019

«Сергек» тиімділігін көрсетіп жатыр. Елордадағы бейнебақылау камераларының арқасында бюджетке он айдың ішінде миллиардтаған теңге кіріс түскен. Бұл бір. Екіншіден жол қауіпсіздігіне жауапты инспекторлардың да жұмысы жеңілдеген. Бәрі автоматты түрде бақыланып басқарылады. Алақандай планшеттің көмегімен жүргізушілердің жол ережесіне қатысты мәліметтері де оп-оңай анықталады. Бас қаладағы көлік қозғалысын қадағалаудың автоматты жүйесін әріптесім де көріп қайтты.

Қорған Төреқожа, тілші:

- Міне жаңа полиция қызметкері жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатты. Міне мына азамат жаңа ғана біздің алдымызда автобус жолағымен келе жатты және тағы да мына сынған фар үшін ескерту алды. Енді айтыңызшы жалпы мұндай жағдайда қанша АЕК бойынша айыппұл рәсімделеді? 

Нұрлан Қараев, қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы мамандандырылған батальонының инспекторы: 

- Қазір бұл кісіге екі хаттама жазылады. Бірінші хаттама қоғамдық көлікке арналған жолмен жүргені үшін. 3 МРП. Екіншісі машинаның техинкалық жағдайы себепті 5 АЕК айыппұл салынады.

- Бұл айыппұлдың бәрі осы пленшет арқылы рәсімжеделе ме?

- Иә. Әрине осы планшет. Еще алдындағы штрафтары болса оның барлығы көріп, қазір сергектері алдында болса, қазір ол кісіге түсіндіріп айтамыз. Одан кейін уақытында төлеу керектігін түсіндіреміз. 

Қорған Төреқожа, тілші:

- Бұл бас қаладағы Астана ЛРТ мекемесінің ішіндегі транспортты басқару орталығы. Көріп тұрғанымыздай мына жерде негізгі көшелердегі барлық жол қозғалысы бақыланып отырады.  Қандай қиылыста, қандай көшеде көлік кептелісі көп, соның барлығы автоматты түрде осы жерде реттеледі. Енді қазір ІІМ өкілінен осы басқару жүйесін егжей тегжейлі сұрап білейік. Бұл орталықтан басқарылатын көліктер қаншалықты жол кептелісінде тұрып қалмайды. Мұның тиімділігі неде?

Дəурен Мырзабай, қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы мамандандырылған батальонының аға инспекторы: 

- Жол көлік оқиғасы болған жерге инспекторлар 3 минутта бару керек. Соны біз тездетудің жүйесінде анықтап, сол жерге жібереміз инспекторды. Көмектесу үшін. Ал, кептеліс кезінде қалай әрекет етесіздер? Кептеліс кезінде бұл жүйенің тиімділігі осы камрелар арқылы кез келген көшені қарап, бақылап қай жерде көлік кептелісі жоғарылған жағдайда бағдаршамның қызыл түсін, жасыл түсін осы программ арқылы басқарып, қай жерде кептеліс көбейеді, сол жерде бағдаршамның жасыл түсін ұзақ ұстауға мүмкіндік береді.

Қорған Төреқожа, тілші:

- Ал бұл әкімшілік полиция басқармасының бөлімшесі. Бұл мекемде Сергек камерасынан түскен мәліметтер сақталады. Барлық бейнематериалдар алдымен өңделеді. Кейін ұығарымдар шығарылып, оның барлығы жол ережесін бұзған жүргізушілерге автоматты түрде жіберіледі. Мәселен, міне бір материалды көрейік. БҰл Сергекке түскен екен. Міне жаңағы көліктің жылдамдықты шамадан тыс асырғандығын байқадық. Енді жалпы мұндай автоматты басқылау жүйесінің тиімділігі неде болды? Оны мамандардан сұрап білейік. Айтыңызшы сіздерге не берді бұл жаңашылдық?

Нұржан Әділов, қалалық полиция департаменті əкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

- Бұл жаңашылдық біріншіден, бізге айтып кету керек жүргізуші мен инспектордың арасында  қарым қатынас болмайды. Барлық жол ережесін бұзушылықтар бізге автоматты түрде түседі де, жүйеге түсіп, мына жерде өңделеді. Сосын осы ұйғарымдарды біз КАЗПОШТА арқылы жүргізушілердің мекен жайына жібереміз. жалпы біздің бас қалада қанша Сергек камерасы бар? Біздің қалада жалпы 6 мыңнан астам Сергек камералары орнатылған. БҰл тек қана жол ережесі бойынша. Жол ережесі бойынша 6 мыңнан астам камера. Бір күнде шамамен қанша ұйғарым жібересіздер жол ережесін бұзған жүргізушілерге? Күніне біз бір жарым, екі мыңның шамасында ұйғарымдар жібереміз. 

Қорған Төреқожа, тілші:

- Ал жыл басынан бері елордадағы бейнебақылау камераларының арқасында бір миллионнан астам жүргізушіге тиісті ұйғарымдар жіберілген. Жалпы көп жағдайда темір тұлпар тізгіндеген азаматтар автобусқа арналған жолақпен жүреді я болмаса жылдамдықты шамадан ытс асырады. Міне осындай жол ережесін бұзу деректері жиі тіркеледі екен. Тағыда бір айта кетер жәйт, осы он айдың ішінде бас қаладағы бейнебақылау камераларының нәтижесінде бюджетке 5 МЛРД теңге кіріс түскен.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Нұрғали Мамырбаев

Хабар 24 телеарнасы