420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу мүгедек жандардың өмірін жеңілдетті

  • 929
  • UPD: 20:50, 26.11.2019

Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдете түскен. Жыл басынан бері қаладағы осы санаттағы мыңға жуық адам оқыту курсынан өтіп, құжатқа қатысты істі мобильді қосымша арқылы шешуді меңгерген. Бұл жеке іспен айналысатын мүгедек жандарға да тиімді боп тұр.

Мұсағали Дауылов мемлекеттік қызмет түрлерін электронды нұсқада алуды жетік меңгерген. Көз жанары семген бірінші топ мүгедегі үшін бұл өте ыңғайлы. Себебі бұрын жеке ісіне байланысты құжаттарын алып халыққа қызмет көрсету орталығына жиі келетін. Көмекшінің көмегімен қозғалса да рәсімдеу барысынан шаршайтын еді. Және алты ай бұрын ұялы телефонына қондырылған мобилді қосымшаның мүмкіндігіне риза.   

Мұсағали Дауылов, қала тұрғыны:

- Қызмет түрлерін алу е-гов арқылы жеңіл. Мен үйде отырып, керек справкаларды ала алатын мүмкіншілігім бар. Оны үйрету керек адамдарға, обучение жүргізу керек. Голосовой қазақ тілінде жоқ. Енді өзіңіз ойлаңыз, біздер сияқты қазақ тіліңде сөйлейтін адамдарға, қазақ тілінде сөйлейтін бауырларымызға керек.

Мүмкіндігі шектеулі жандар – цифрлық сауаттылықты арттыру курсынан өткен адамдардың бір бөлігін ғана құрайды. Жыл басынан бері 75 мыңнан астам ақтөбелік қызмет түрлерін электронды нұсқада алуды меңгерсе оның басым бөлігі түрлі мекемелердің қызметкерлері мен жастар. Ал құжатқа қатысты барлық істі шешетін орталығы жоқ шалғай ауыл тұрғындарының сұранысын қамтуды шешу  жергілікті әкімдік өкілдерін оқыту арқылы  жолға қойылған.

Ғалия Қыдырбаева, халыққа қызмет көрсету орталығының маманы:

- Оларға қалай ЭЦК алу керектігін, Е-гов пен қалай жұмыс жасау керектігін және де телеграмм-бот арқылы қандай қызмет түрлері асырылатындығы көрсетіліп, жүргізілген болатын. Ауыл-аймақтардың мамандарына электрондық бұрыш ашылып, ауылдың тұрғындарына қалай алу керектігін соларға міндеттеліп жүргізілді.

Жалпылай алғанда биылғы он айда көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлерінің 80 процентін азаматтар үйде немесе жұмыс орнында отырып алған. Дегенмен, бұл көрсеткішті алдағы уақытта әлі де көбейту міндеті тұр. Сондықтан да көппшіліктің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс жалғаса бермек. Ол үшін қаланың бірнеше бөлігінде оқыту орталықтары жұмыс істейді.    

- Мен үлкен кісімен, оны келістіре алмаймын ғой. Сосын мұнда келіп тапсырып, осыннан алып жатырмын. Ешқандай кедергі жоқ, іші жылы. күтіп отырмыз. Ыңғайлысы осы мен үшін

- Мен қазіргі күні, барлық қызметті онлайн түрде, үйде отырып е-гов немесе телефон арқылы алып жүрмін. Бұрыңғыдай емес қазір бәрі де жеңіл. өте оңай болды.

Бір қарап алсам түсінем ғой, қазір просто керек болмай тұрған шығар. Қажет болған кезде қолданам ғой. Бәрін бір уақыттарда қолдандық ғой. 

Жыл басынан бері облыс бойынша бір млн-нан астам мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Айнадин Молдабеков

Хабар 24 телеарнасы