427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына арналған конференция өтті

  • 955
  • UPD: 22:17, 26.11.2019

Көкшетауда «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің жүз жылдығына арналған оқу конференциясы өтті. Кездесуге журналистер мен облыстың белгілі қоғам қайраткерлері жиналды. Шығармашылық шараны Ақмола облысының әкімдігі ұйымдастырды.

Сан ғасырлық тарихы бар «Егемен Қазақстан» - бұл елдің ұлттық газеті. Конференцияға қатысушылар атап өткендей, қарапайым қазақ халқының өмірі әрдайым оның беттерінде сипатталған. Сонымен қоса елдің үміттері, мүдделері мен рухани құндылықтарыда жарияланып отырады. 

Бақберген Амалбек, журналист:

- Бұл газет – халыктық газет. Халықтың мүддесін қозғайды. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан орталық партиянын комитеті болғандыктан ол саясатты жүргізді, сонда да, өзінін, реті келгенде халыктық несінен бұзылган емес. Халыктық мүддені қорғап жүрді әрқашан. 

«Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Айбын Шағалақов атап өткендей, соңғы үш жыл ішінде басылым үлкен өзгеріске ұшырады. Шетелдік тәжірибені ескере отырып, газеттің дизайны, мазмұны мен форматы өзгерді. Мұнда кез-келген жастағы оқырман өзіне қажет ақпаратты таба алады. Газеттің таралымы 200 мың данадан асады. 

Айбын Шағалак, «Egemen Qazaqstan»   газетінің бас редакторы:

- Негізгі оқырмандарды тарткан басты себеп, онын дизайны мен мақалалардың ыкшамдалуы деп ойлаймыз. Газетте шыккан материалдар, міндетті турде әлеуметтік желілерде алдын ала жарнамаланады, бөлісіледі. Сонын негізінде оқырмандардың саны артып отыр. 

Кездесу соңында облыс әкімінің атынан газеттің Ақмола филиалының тілшілеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Авторлары: Азамат Казжанов, Евгений Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы