411,72 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 61 мың адам тұмауға қарсы тегін екпе алды

  • 440
  • UPD: 08:11, 27.11.2019
СҚО-да 61 мың адам тұмауға қарсы тегін екпе алды

Солтүстік Қазақстан облысында 61 мың адам тұмауға қарсы тегін екпе алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл топқа балалар, жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері, мүгедектер мен зейнеткерлер жатады. Дәрігерлердің айтуынша, аурудың алдын алған абзал. Мәселен, өңірде өткен аптада 800-ден астам адам суық тигізіп, өткір респираторлық-вирустық инфекциясын жұқтырған. Денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, жалпы жағдай жақсы.

Нұрлан Айманов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Бүгінгі таңда бір бала тұмаумен ауырып қалды. Уақытында анықталып, ауруханаға жатқызылып, бүгінгі таңда емделіп шығарылды. Былтырғы жылға қарағанда халық уақытында емханаларға келіп, екпе алып, ешқандай асқынулар болмаған.

Хабар 24 телеарнасы