376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада мектеп директоры пара алғаны үшін сотталды

  • 303
  • UPD: 10:35, 27.11.2019
Қызылордада мектеп директоры пара алғаны үшін сотталды

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін азаматты жұмысқа орналастыру үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған С.Сейфуллин атындағы №4 орта мектептің директоры А.Ж. Алтынбековаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын.

Биыл 26 қарашада №2 Қызылорда қалалық сотының үкімімен шенеунік осы сыбайлас жемқорлық қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оны мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыру арқылы 9 миллион теңге айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы