430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ауыл» партиясы Президенттің жер туралы тапсырмаларына қолдау білдірді

  • 954
«Ауыл» партиясы Президенттің жер туралы тапсырмаларына қолдау білдірді

«Бұл – ауыл шаруашылығы үшін маңызды шешім. Партияның өңірлік филиалдары бұл мәселеде қырағылық танытып, жергілікті атқарушы органдар алдына нақты мәселелер қойып отыруы керек», - деді партия төрағасы Әли Бектаев.

Саяси ұйымның 16-съезі барысында ауыл тыныс-тіршілігіне қатысты басқа да бірқатар тетік талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».  Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 200-ден аса партия өкілі соңғы 4 жылда атқарған жұмыстарды қорытындылады. Оның ішінде тек аграрлық саладағы ғана емес, білім, ғылым, мәдениет және өндіріс салаларындағы партияның бастамалары сөз болды.

Әли Бектаев, «Ауыл халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы:

– Бүгінгі таңда «Ауыл» партиясын ұйықтап жатқан, болмаса сайлаудың кезінде ғана жұмыс жасайтын партия деп ешкім айта алмайды. Біздің партия күнде жұмыс жасап жатыр. Олар жайында әлеуметтік желілер мен партия сайтында ақпраат беріп отырамыз.

Қадыржан Бақтығалиұлы, «Ауыл» ХДПП Атырау облыстық филиалының төрағасы:

– Сонымен қатар «Ауыл» партиясы тәуелсіздік алған жылдардан бері парламент төріне келетін бір орны бар. Себебі халықтың 40-тан аса пайызы ауылда тұратын болған соң, біз де «Ауыл» партиясын парламенттік партия тұрғысынан көргіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы