430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық мамандар әзербайжан тілінде ұялы телефон үшін ойын жасап шығарды

  • 618
Қазақстандық мамандар әзербайжан тілінде ұялы телефон үшін ойын жасап шығарды

 

Балаларға арналған ойын «IQ ушаг», яғни қазақшаға аударғанда «IQ балдырған» деп аталады.

Алғашында бұл ойын Қазақстанда тұратын әзербайжан балалары үшін шығарылған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Алайда бұл ойын Әзербайжанның өзіне де жетіп, жергілікті халықтың көңілінен шыққан.

Онлайн дүкендерде әзербайжан тіліндегі үйретуші ойындар көп емес. Сол себептен «IQ ушаг» балалар мен олардың ата-аналарын қызықтырған.

Мехрибан Нагиева, жазушы:

– Балаларымызды жаман әдеттен сақтауымыз керек. Оларды әдебиетке, ой-санасын дамытатын ойындарға қызықтырып, осы мақсатымызға жете аламыз. Бұл бағдарлама туралы жақында білдім. Ол балалардың ой өрісін дамытады.

Қазір балалардың көбісі смартфонға құмар, сәйкесінше өз бетімен интернеттен жүздеген ойын табады. Алайда олардың біразында зиянды контент бар.

Мамедова Фахрия, Баку тұрғыны:

– Қанша тырысқанымызбен, балаларды смартфондар мен планшеттерден аулақ ұстай алмаймыз. Осындай ұялы қосымшалар көбірек болса, алаңдамас едік. Бұл бағдарлама туралы танысымнан естідім. Алдымен өз телефоныма орнатып, оның оңай әрі қызық қосымша екенін көрдім. Онда балалар тез ұғатын қарапайым сөздер мен суреттер қолданылады.

Дүниені жаңа ғана тани бастаған балдырғандарға арналған бұл бағдарлама тегін. Суреттерді басып, олар оның атауын естіп, сөздерді дұрыс айтуға үйренеді.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы