419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда колледж бухгалтері 14 млн теңгені жымқырды деп күдікке ілінді

  • 625
  • UPD: 16:50, 27.11.2019
Алматыда колледж бухгалтері 14 млн теңгені жымқырды деп күдікке ілінді Kazpravda.kz

Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің бас бухгалтері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін күдікке ілінді.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің» бас бухгалтеріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Ол «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша бөлінген 14 млн 131 мың теңге сомасындағы бюджет қаражатын жеке карта шотына негізсіз аудару жолымен жымқырғаны үшін күдіктелуде.

Күдіктінің өз кінәсін мойындауына, келтірілген шығынды толық өтеуіне, оның және қорғаушысының келу туралы міндеттеме беруіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

Хабар 24 телеарнасы