«Стар Тайм» ЖШС-нің коммерциялық директоры, Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты – депутаттық өкілеттік пен этика, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі комиссия мүшесі ұсталды.
Шенеунік Нұр-Сұлтан қаласы басқарма полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ол Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік элеваторды төлеп алу кезінде ҚР АШМ «ҚазАгро» Холдингінің «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесіне ауылшаруашылық өндірушісіне тиесілі 20 миллион теңгені ұрлауына жәрдем берді деп күдікке ілінді.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Бұлтартпау шарасын қолдану мәселе қарастырылып жатыр. Кінәнің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Бұрын хабарланғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ҚР АШМ «ҚазАгро» Холдингінің «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесіне қатысты тергеу жүргізген.