378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл 103 қызметі жеті миллионға жуық адамға қызмет көрсетті

  • 225
  • UPD: 17:27, 27.11.2019
Биыл 103 қызметі жеті миллионға жуық адамға қызмет көрсетті test-drive

2019 жылғы 10 айда жедел медициналық көмек қызметі 6 752 000 шақыртуға қызмет көрсетті.

Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.

2019 жылдың 1 қарашасында жүргізілген жаңғырту нәтижесінде пациентке жету уақыты айтарлықтай қысқарды. Қазіргі уақытта жедел жәрдемнің орташа жету уақыты 13,8 минутты құрайды. 2017 жылы бұл көрсеткіш 25 минутты құраған екен.

Шұғыл медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарын енгізу жалғастырылды. Шұғыл медициналық көмек көрсетудің практикалық дағдыларын жедел медициналық көмек қызметкерлерінің 94,3%-і меңгерген.

«103 қызметінің материалдық-техникалық базасы күшейтілді. Медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету 81%-ті құрайды», делінген баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ еліміздің барлық жедел медициналық көмек көлігінің 97%-і GPS навигациясымен жабдықталған.

2019 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша қызметтің санитариялық көлікпен жарақтандырылуы 89%-ті құрайды.

Қабылдау бөлімшесі жағдайында сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсету мақсатында өңірлерде стационарлардың қабылдау бөлімшелері жұмысының жаңа форматы енгізілуде: мамандарды оқыту басталды, стандарттарды енгізу басталды, үй-жайларды қайта жаңарту және қайта жөндеу жүргізілуде, қабылдау бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыру жақсаруда.

Хабар 24 телеарнасы