378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан ауылдарының 51%-і таза ауыз суға зәру

  • 183
  • UPD: 21:54, 27.11.2019
Қазақстан ауылдарының 51%-і таза ауыз суға зәру

Бұл дегеніңіз, 2,5 миллион адам немесе халықтың 13%-і суды тасып ішетінін көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республикадағы 87 қаланың 58-інде ғана кәріздік тазалау ғимараттары бар және олардың көпшілігі апаттық жағдайда. 29 қалада олардың болмауы себебінен су ағындылары қоршаған ортаға таралып жатыр. Гидротехникалық ғимараттар мен топталған су құбырларын қайта құруға бағытталған 50 жобаның 29-ы пайдалануға беру мерзімін 1 жылдан 10 жылға дейін кешіктірген. Мәселен, Қарағанды облысында «Жайрем-Қаражал» су құбырының құны 10 жылда 8 есе қымбаттап кеткен. Құрылысы сағыздай созылған құбырды сенатор Қайрат Қожамжаров осылай сынады. Қазақстан су тапшылығы өткір сезілетін мемлекеттер қатарына жатады. 1,2 триллион теңге бөлінген «Ауыз су» және «Ақ бұлақ» бағдарламалары елімізді таза суға қарық қылуға тиісті болатын. Алайда нәтиже жоспардағыдай болмады.

Мұрат Бахтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Нұр-Сұлтан қаласының өзінде де көптеген көшелердің бойында, қалаға жақын елді мекендерде суды тасып ішіп отырған жайлары бар. Бұл өте қиын жағдай. Өте ауыр жағдай. Біз енді түпкірдегі елдерді, ауылдарды айтып отырмыз ғой. Бірақ соған қарамастан, өзіміздің елордамыздағы тұрып жатқан, шет аймақтарда тұрып жатқан халқымыздың көпшілігі суды тасып ішіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы