418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда салмағы 1200 тонналық қондырғы құрастырылды

  • 681
  • UPD: 08:45, 28.11.2019

Атырауда құрастырылған қондырғыны Қазақстандағы тұңғыш мұнай-газ химиясы кешеніне жеткізу операциясы басталды.

Пропан мен пропиленді ажыратуға арналған сплиттер жергілікті зауытта жасалды. Диаметрі он бір метр, ұзындығы жүз бес метр болатын алып қондырғының салмағы 1200 тонна. Отандық компания мұндай тапсырысты алғаш рет жүзеге асырып отыр. Тапсырыс берушінің талап үдесінен шыққан компания Еуропа мен Азияның бірқатар айтулы компанияларын басып озды. Ол үшін кәсіпорынға зауыт қондырғыларын қайта жаңғыртып, мамандарды қайта оқытуға тура келген. Аталған қондырғыны діттеген жеріне жеткізу үшін 4 күн бойы екі жүзге жуық адам жұмылдырылады.

Дамир Әшімов, химиялық кешеннің басқарушы директоры:

- Колоннаның жалпы салмағы 128 бірлікке теңдей бөлінген. Әрқайсысына 10 тоннадан келеді. Бұл көрсеткіш жолға түсетін салмақтың шекті шамасынан аспайды. Тасымалдау барысында колоннаның өтуіне кедергі жасайтын электр желісі мен бағдаршамдарды, көптеген жол белгілерін уақытша алып тастауға тура келді. Оның барлығы қалпына келтіріледі.

Хабар 24 телеарнасы