418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулықтар табиғаттың ластануын мұнай компанияларымен байланыстырды

  • 676
  • UPD: 08:42, 28.11.2019

Атыраулықтар қоршаған ортаның шектен тыс ластануына наразы. Тұрғындар мұны табиғат пайдаланушы мұнай-газ компанияларымен байланыстырады.

Олардың пікірінше, кірісті молайту үшін мұнай-газ өндіруші және өңдеуші кәсіпорындар қоршаған ортаға лас қалдықтарын көбірек жібереді. Осы проблема қоғамдық тыңдаудың талқылауына түсті. Ең басты наразылық Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты болып отыр. Өйткені кәсіпорын шаһардың іргесінде орналасқандықтан зиянды қалдықтардың әсері бірден қалаға тиеді. Осының салдарынан тұрғындар газ иісі мен көк түтінге қамалып отыр. Мұндай зиянды қалдықтарды Атырау мұнай өңдеу зауыты, Теңізшевройл және Солтүстік Каспийді игеруші компаниялар да ауаға таратып  отыр. Осындай олқылықтары үшін мұнай компаниялары бүгінгі күнге дейін 2 миллиард теңге көлемінде айыппұл төлеген. 

Зұлфұхар Жолдасов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі комитетінің төрағасы: 

 - Өткен жылы біз 1,5 млрд теңге штраф салдық оның ішінде «ТШО» бар, «НКОК» оның бәрі ауаны ластауға байланысты жаңағы факелді заңсыз жағуы бар. Суды ластауға байланысты соған байланысты біз штрафтар салдық. Сол компаниялардың бәрін қосқанда 2 миллиардтың үстінде болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы