380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенатта тұрмыстық қалдықтардың мәселесі қаралады

  • 276
  • UPD: 11:51, 28.11.2019

Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау және өңдеу. Осы мәселе Сенаттағы үкімет сағатында талқыға түседі.

Қазақстанның қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясаты Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамада айқындалған және қалдықтарды бөлектеп жинауды енгізуге, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы қаржы тартып, қайталама шикізаттан өнім алуға әрі қалдықтарды қайта өңдеу секторын дамытуға бағытталған. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласын дамыту мақсатында нормативтік құқықтық база жетілдірілді. Атап айтқанда, Экологиялық кодекске түзетулер енгізілді. 2016 жылдан бастап полигондарда құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды; металл сынықтарын; пайдаланылған майлар мен сұйықтықтарды; батареяларды; электрондық қалдықтарды көмуге тыйым салынады. Биыл 1 қаңтардан бастап пластмассаны, макулатураны, картон мен қағаз қалдықтарын, шыныны көмуге тыйым салынды. Енді 2021 жылдан бастап  құрылыс және тамақ қалдықтарына тиым салынуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы