378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лицензиясы уақытша тоқтатылған университеттердің тізімі белгілі болды

  • 371
  • UPD: 11:54, 28.11.2019
Лицензиясы уақытша тоқтатылған университеттердің тізімі белгілі болды

ҚР Білім және ғылым министрлігі бес бірдей ЖОО-ның жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Елорда Инфо аталған министрлікке сілтеме жасап.

«Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Инновациялық Еуразия университеті, Алматы университеті, Қазақстандық-Американдық еркін университет және Қазақ-Орыс халықаралық университетінің лицензиясы уақытша тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Министрлік таратқан мәліметке сүйенсек, лицензия 1 айға тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы