410,70 456,25 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда «Берекелі баспана» бойынша пәтер берілетін адамдардың тізімі жарияланды

  • 801
  • UPD: 11:44, 28.11.2019
Нұр-Сұлтанда «Берекелі баспана» бойынша пәтер берілетін адамдардың тізімі жарияланды

Елордада кезекте тұрған 419 адамға «Берекелі баспана» бағдарламасы бойынша сатып алу құқынсыз пәтер берілді,  деп хабарлады zhilfond.kz.

Баспанаға өтінімдер биыл 28 қазаннан 8 қарашаға дейінгі аралықта қабылданды. Тізімде барларға Тұрғын үй қорының қызметкерлері қоңырау шалып, не істеу керектігін түсіндіреді. Тұрғын үй қорының баспанасына мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың тізімі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының 2019 жылғы 18 қарашадағы шешіміне сәйкес, «Берекелі баспана» бағдарламасының іріктеуінен өткен.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспаналы болғандардың арасында Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ата-ана қамқорлығынан айырылғандар, көп балалы аналар және көп балалы отбасылар, сондай-ақ тұрғындардың әлеуметтік әлсіз буындары бар.

Іріктеуден өткендердің тізімін мына жерден көруге болады.

Хабар 24 телеарнасы