376,72 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада балалар қауіпсіздігі айлығы жарияланды

  • 253
  • UPD: 12:22, 28.11.2019
Елордада балалар қауіпсіздігі айлығы жарияланды

Қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкеннің төрағалығымен білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жиын өтті.

Шара барысында қатысушылар мектептердегі бейнебақылау жұмыстарын талқылады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Жиын барысында әкімнің орынбасары тиісті мемлекеттік органдарға бейнебақылау камераларының жұмыс жағдайын тексеру үшін қала мектептері бойынша тиісті жұмыстар жүргізді.

«Елорда мектептеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алдымен мектептердегі бейнебақылау камералары мәселесін шешіп алуымыз қажет. Ол үшін бізде ең алдымен статистика болуы керек. Қанша мектепте бейнебақылау камерасы бар, қайсысы жұмыс істейді, қайсысы жұмыс істемейді деген секілді. Осы орайда қалалық Білім басқармасы, мектеп директорлары, Полиция департаменті және «іKOMEK» орталығына тапсырма беремін. Қаланың барлық мектептерін аралап шығып, қауіпсіздік мәселесін, оның ішінде бейнебақылау камерларының жұмыс істеуі бойынша мониторинг жүргізіңіздер. Ол үшін комиссия құрып, оның құрамына тиісті органдардың өкілдерін кіргізіп, жұмыс жасаңыздар. Аталған комиссия қаладағы әрбір мектепті аралап көріп, бейнебақылау камераларының жұмыс істеу деңгейін анықтасын. Сонда ғана біз елорда мектептерінің қауіпсіздік мәселесі мен нені алдымен шешуіміз керектігін білетін боламыз», – деді Б.Мәкен.

Кешенді іс-шаралардың өткізілуіне байланысты ол елордада балалар қауіпсіздігі айлығының өткізілетінін хабарлады.

Одан бөлек, Б.Мәкен қауіпсіздікке жауап беретін күзет ұйымдарын тексеруді тапсырды.

Аталған жиынға Білім басқармасы, Полиция департаментінің басшылығы, мектеп директорлары мен қалалық әкімдік өкілдері қатысты.

Хабар 24 телеарнасы