418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы оңалту орталықтарында қызмет түрі артты

  • 465
  • UPD: 13:52, 28.11.2019

Қарағанды облысында екі айдың ішінде екі мыңнан астам адам оңалту көмегін алған.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қосылғалы бері бұл бағытта көрсетілетін медициналық көмектің көлемі бір жарым есе артты дейді мамандар. Аймақта міндетті медициналық сақтандыру жүйесі  2019 жылдың қыркүйек айында іске қосылған болатын. Денсаулық сақтау басқармасы облыста оңалып, толық сауығып кеткендер мүгедектер тізімінен шыққанын мәлімдеп отыр. Сонымен қатар жарақаттар мен қан айналымы ауруларынан кейін толық оңалғандардың саны 4 процентке артқан.

Айта кету керек, оңалту қызметі үшін облыста 248 орындық  бірнеше орталық  ашылған. Қарағандыдағы нейрооңалту орталығындағы  стационар 70 орынға кеңейді. Бұл медициналық мекемеде инсульт, ауыр операция мен түрлі жарақаттар алған науқастар емделеді. 

Руслан Беляев, қалалық нейрооңалту орталығының бас дәрігері:

- Бастапқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлерінің науқастарды порталға тіркеу үрдісі едәуір жеңілдеді. Жүйені цифрландыру нәтижесінде дәрігерлер науқасты қабылдау кезінде бірден тіркей алады. Ай сайын барлық филиалдарды қоса алғанда квота арқылы 200-250 адам жазылып шығады. Ал жылына 2 500 жуық адам порталға қойылады.

Хабар 24 телеарнасы