420,89 498,75 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Электронды құжат айналымындағы көшбасшы компания шетелдік нарыққа шықты

  • 613
  • UPD: 14:11, 28.11.2019

Мәскеуде «Электронды құжат айналым нарығы - 2019» атты конференция өтті. Бұл шараның басты әріптесі ретінде бизнес-процестерді автоматтандыруға маманданған қазақстандық Документолог компаниясы қатысты. Конференцияға жиналғандар саладағы жаңа үрдістерді талқыға салды. 

Электронды құжат айналымы жүйелерін шығару мен бизнес-процестерді автоматтандыру саласында Қазақстанда көш бастап тұрған компания Ресей нарығына екі өнімін ұсынды. Бұл негізгі Documentolog платформасы және осы жүйенің оңтайландырылған Doculite нұсқасы. 

Байжан Қанафин, DOCUMENTOLOG компаниясының бас директоры:

- Ресей бизнесіне қызық болуы мүмкін өнімдеріміз көп. Дегенмен, Ресейде құжат айналымы ұғымы бізден ерекшеленетінін көріп тұрмыз. Ал функционалдық жағынан қарайтын болсақ, біздің шешіміміз нарықтағы өнімдерге қарағанда бәсекелестікке өте қабілетті. 

Documentolog-ты 7 мың кәсіпорын пайдаланады. Бұл ұлттық холдингтер, түрлі салаларда істейтін мемлекеттік және жеке меншік компаниялар.

Иван Пачко, the melows компаниясының директоры:

- 2020 жылдан бастап елімізде салық және бухгалтерлік есеп берудің барлығы тек электронды түрде қабылданады. Бұл тұста ең алдымен бизнесте тез қолдануға болатын, қызметкерлердің қосымша оқытуын қажет етпейтін және қысқа мерзімде елеулі нәтижеге әкелетін шағын мобилды шешімдер артықшылықтарға ие болады.  Documentolog компаниясы тап осындай тез шешімдерге маманданған. 

2018 жылы Документолог Қазақстанның ең үздік Ай-Ти компаниясы атағына ие болды. Қазір компания жаңа үлгідегі дауыс көмекшісі және халықаралық электронды құжат айналымы жүйесін шығарумен айналысып келеді. Жаңа өнімдерін 4 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтетін технологиялық конференцияда ұсынады.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы