423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде қоқыс өртеп, электр қуатын өндіретін зауыттар салынады

  • 660
  • UPD: 15:55, 28.11.2019
Елімізде қоқыс өртеп, электр қуатын өндіретін зауыттар салынады

Елде қоқыс өртеу арқылы электр қуатын өндіретін 6 зауыт салынады. Бұл туралы Сенаттағы Үкімет сағатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады. Осыған байланысты ведомство «Уейст ту Энерджи» жобасын қолға алды.

Министрдің айтуынша, аталған жоба полигондарға көмілетін қоқыс көлемін айтарлықтай қысқартып, салаға инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 2025 жылға дейін термиялық жою үлесін 30%ке жеткізу көзделген. Бұл Еуропалық одақтың орташа үлесіне сай келеді. Қазақстандағы қоқыс өңдеу секторын дамытқысы келетін ықтимал инвесторлар тізімі бар. Бұл шаралар күресіндерді жоюға, полигон салуға жұмсалатын бюджет шығындарын азайтып, экологияға, адам денсаулығына, флора мен фаунаға келетін нұқсанды төмендетеді деді ведомство басшысы.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Ағымдағы жылы иесіз қалдықтарды кезең-кезеңмен жою жоспары бекітілді. Онда 2022 жылға дейін республикалық меншіктегі 9 объектіні жою бойынша одан арғы шараларды жүргізу көзделеді. Республикалық меншікке сот шешімімен берілген иесіз қалдықтардың арасында радиоактивті Қошқар Ата қоймасының қалдықтарын атап өткен жөн. Құрамында ураны бар қалдықтарды сақтайтын Қошқар Ата, Каспий маңы аймағы қазіргі таңда өзекті экологиялық проблема болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы