418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақтелеком» жаңа қызмет түрлерін ұсынады

  • 555
  • UPD: 23:00, 28.11.2019

«Қазақтелеком» компаниялар тобы келер жылы нарыққа жаңа сервисімен шығуды көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде үлкен деректерді өңдеу, сақтау, құрылымдау және талдау секілді қызмет түрлері бар. Қазір бұл қоғамдағы өзекті мәселеге айналды. Себебі цифрлық трансформация Ай-ти саласын дамытып қоймай, халықтың қауіпсіздігін арттыруға да жол ашады. Бұл тақырыптар бүгін елордада «Қазақстандағы BIG DATA: Жаңа көкжиектер» атты халықаралық конференцияда талқыланды.

Компанияның жаңа қызметтері мемлекеттік және банк саласының, сонымен қатар ірі кәсіпорындардың цифрлық трансформациясына ықпал етеді. Бизнесті оңтайландыру үдерісі жаңа кәсіпорындар құруға да әсер етеді. Сондай-ақ халықтың қауіпсіздік деңгейін арттырып, Ай-Ти саласындағы отандық таланттарды дамытуға жол ашады.

Қуанышбек Есекеев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы:

– Біз транспорт сервисін ұсынып отырмыз. Яғни абонементтер арқылы қаладағы көлік кептелістерін бақылай аламыз. Сосын тұрғындарға қай бағытқа қарай қозғалуға болатынын нұсқаймыз. Қазір бұл мәселе жайында бірнеше қала басшыларымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Үлкен деректер еліміздегі туристік салаға да бақылау жасауға жол ашады.

Жиында «Қазақтелеком» мен ресейлік «ИКС Холдинг» құрылымы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім екі елдің байланыс саласындағы көкжиегін кеңейтуге жол ашады дейді мамандар. Үлкен деректер арқылы отандық компаниялар тобы Ресейдің тәжірибесімен жақын таныса алады.    

Эмин Антонян, «Икс Холдинг» вице-президенті:

– Біз цифрлық трансформация саласындағы тәжірибелерімізбен бөлісетін боламыз. Сонымен қатар ірі кәсіпорындар мен ғаламтордағы жаңа өнімдерімізді Қазақстанға ұсынамыз. Біздің «ИКС Холдинг» құрылымында түрлі саладағы 23 ірі бизнес компаниялары бар. Біз Африка мен Таяу Шғыс және Орталық Азия елдерінде біраз жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Қазір біз осы елдердегі қызметімізді бір компания аясына біріктіріп, шетелдік бағыттағы кеңсемізді Қазақстанда ашуды көздеп отырмыз.  

Кездесуде заманауи коммуникациялық технологиялар, Қазақстандағы Ай-ти нарықтың жай-күйі, ақылды қалаларды қолдаудағы үлкен деректер жайы талқыға түсті.

Хабар 24 телеарнасы