411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО оңтүстіктен қоныс аударған азаматтарға үй салып беруге 15 млрд теңге жұмсамақ

  • 374
  • UPD: 22:24, 28.11.2019
СҚО оңтүстіктен қоныс аударған азаматтарға үй салып беруге 15 млрд теңге жұмсамақ

Солтүтік Қазақстан облысы алдағы үш жылда оңтүстіктен қоныс аударған азаматтарға үй салып беруге 15 миллиард теңге жұмсамақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы өңір басшысы Құмар Ақсақалов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Айтуынша, жұмыс күші көп аймақтардан көшіп келушілерге баспана салу жобасын жүзеге асырып жатқан жалғыз өңір – Солтүстік Қазақстан облысы. Биыл мұнда 700 отбасы көшіп келді. Оларға арналып 428 үй салынған. Алдағы 2 жылда 1700 ден астам жаңа баспана салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ мұнда 142 білім ошағы жөнделіп, үш ауысымды білім беру және бүлдіршіндерді балабақшамен қамту мәселелері толық шешілген. Өңірде автокөлік жолын жөндеуге бөлінетін қаржы көлемі де жыл сайын артып келеді.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Келесі жылдың бюджетіне 38 миллиард қарастырылған. Өзіміздің алғашқы жоспарымыз 705 километр болушы еді. Бірақ министрліктің тарапынан біраз қаражат қысқартылғаннан кейін 676 километр жөнделді. Біз осы жұмыстарды күшейту үшін арнайы бір лаборатория алған едік. Кез келген жерге барып, асфальтын неше см салғанын, одан кейін битумның сапасын барлығын осы лаборатория арқылы білуге болады. Осы лаборатория қазір бізде жұмыс істейді. Бүкіл облысты аралап жүр. Бүкіл механизмдерді біз пайдаланып жүрміз.

Хабар 24 телеарнасы