381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік оқушы мектепке тапаншамен келген

  • 418
  • UPD: 09:36, 29.11.2019
Шымкенттік оқушы мектепке тапаншамен келген

Шымкенттегі мектеп оқушысы сабаққа тапанша алып келген, деп хабарлады elitar.kz.

«Жеткіншек» рейдтік іс-шарасының кезінде ювенал полицейлер 9-сынып оқушысының сөмкесінен травматикалық тапанша тауып алған.

«25-30 қараша аралығында «Жеткіншек» рейд іс-шарасы өтеді. Бұл шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу. Рейд кезінде 25 қарашада мектеп оқушысының сөмкесінен тапанша табылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады әл-Фараби аудандық ювенал полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы Батырхан Әлиев.

Мектеп оқушысы әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол қаруды сыныптасынан алғанын және оны мектепте қайтарып беруге келгенін айтқан.

Хабар 24 телеарнасы