375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО ауруханасының бас есепшісі жемқорлық дерегімен күдікке ілінді

  • 245
  • UPD: 10:17, 29.11.2019
ШҚО ауруханасының бас есепшісі жемқорлық дерегімен күдікке ілінді

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ШҚО денсаулық сақтау басқармасының «Шемонаиха орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның бас есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол «Халық Банк» АҚ және «Банк Центр Кредит» АҚ-дағы карточкалық шоттарына ақшаны заңсыз аудару арқылы өте үлкен көлемде – 92 млн 500 мың теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

27 қарашада күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Күдіктінің кінәсінің деңгейін анықтау туралы шешімді сот қабылдайды.

Ақпарат көзі: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы