375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында сот әкімшілігінің қызметкеріне жемқорлық айыбы тағылды

  • 221
  • UPD: 12:05, 29.11.2019
Ақтөбе облысында сот әкімшілігінің қызметкеріне жемқорлық айыбы тағылды

Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен «Ақтөбе облысы бойынша Сот әкімшілігі» РММ қаржы бөлімінің басшысын жымысқы әрекетін әшкереледі.

Ол өзіне негізсіз артық мөлшерде жалақыны есептеп, жалпы сомасы 1 млн 176 мың теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Күдікті өзінің кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысысотқа дейінгі тергеуді жеңілдетілген өндірісте аяқтау туралы өтінішіне байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Ақпарат көзі: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы