419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Air Astana: 2020 жылы Алматы-Париж бағытына ұшақтар аптасына үш рет қатынайды

  • 686
  • UPD: 11:15, 29.11.2019
Air Astana: 2020 жылы Алматы-Париж бағытына ұшақтар аптасына үш рет қатынайды

Ұлттық әуе тасымалдаушыны дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі барысында әуе компанияның операциялық қызметінің нәтижелері, ішкі және халықаралық бағыттар желісін кеңейту, сондай-ақ әуе паркін жаңарту жөніндегі жоспарлар қаралды, деп жазды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Әуе компания Алматы-Париж бағыты бойынша рейсті 2020 жылдың маусым айынан бастап аптасына 3 рет жиілікпен жаңа Airbus A321LR ұшағымен орындай бастайды.

Алыс магистральды әуелайнер 2019 жылдың қазан айында келген. Қазіргі уақытта Air Astana осы үлгідегі ұшақтың ТМД елдерінде алғашқы пайдаланушысы саналады.

Әуекомпания президенті Питер Фостер төмен бюджетті тасымалдау сегментінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың және таяу арада Мәскеуге алғашқы халықаралық рейсін ашатын FlyArystan лоукостерін дамыту барысы туралы айтты.

FlyArystan әуе компаниясы құрылған сәттен бастап 600 мыңнан астам билет сатып үлгерді, оның жартысынан астамы 10 мың теңгеден төмен бағамен сатылған.

Министр лоукостердің тасымалдау көлемінің өсуінің оң динамикасын атап, халықтың басым бөлігі үшін әуе көлігінің қол жетімділігіне бағытталған әуе билеттердің құнын арзандату бойынша жұмысты жалғастырудың, сондай-ақ аймақтық маршруттық желіні кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Әуе тасымалдаушының ақпараты бойынша 2020 жылдың соңына дейін FlyArystan флотын 10 Airbus A320 әуе лайнеріне дейін кеңейту жоспарлануда, бұл Қарағанды және Ақтөбе әуежайларында жаңа авиациялық базаларда жұмыс бастауға мүмкіндік береді. Осылайша, бюджеттік әуе компанияның маршруттік желісі 40 бағытқа дейін артады.

 

Хабар 24 телеарнасы