378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Электр энергиясы ең қымбат өңірлер

  • 232
  • UPD: 11:34, 29.11.2019
Электр энергиясы ең қымбат өңірлер

Елімізде қазан айының қорытындысы бойынша электр энергиясы тарифі ең жоғары қалалардың тізімінде Алматы көш бастап тұр.

Мұндай мәліметті Тенгри ньюс Finprom.kz сайтына сілтеме жасап жариялады.

Мамандардың айтуынша, Алматыдан басқа, Алматы облысы, Орал, Өскемен және Семейде де жарық қымбаттаған.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Елбасының тапсырмасымен жарық тарифтері төмендетілген болатын.

«Қазақстанда қазан айында орташа есеппен жарық 1 -1,5 пайызға қымбаттады. Олардың ішінде Орал, Өскемен, Семей бар. 1 қарашада «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС өкілдері Алматы мен Алматы облыстарында тарифті көтерген. Сондай-ақ, Қостанай облысында да жарық тарифтері өсті», – дейді сарапшылар.

Хабар 24 телеарнасы