424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 30-дан астам дәрігерлік амбулатория ашылады

  • 586
  • UPD: 12:33, 29.11.2019
Алматыда 30-дан астам дәрігерлік амбулатория ашылады

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев брифинг барысында айтты.

Оның есебінше, саладағы жағдайды білу үшін қаладағы барлық медициналық мекемеде аудит жүргізілген.

«Ауруханалар мен емханаларда 30 мыңнан астам медициналдық жабдық пен 10 мыңнан аса техниканың тозығы жеткен. Осыны ескере отырып, әрбір аудандардағы мекемелердің техникалық базасын жақсарту үшін 3 жылдық жоспар жасадық. Бұл мақсатқа 60 млрд теңге жұмсау көзделіп отыр. 2020 жылы 20 млрд теңгеге медициналық құрал-жабдық сатып алынады», – деді шаһар басшысы.

Хабар 24 телеарнасы