Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада еңбек нарығы қалай дамып жатқанынан хабардар етті.
«Үш тоқсан бойынша номиналды жалақының орташа айлық көрсеткіші 220 мың теңгеден асты. Номинал бойынша өсім – 12,3 пайыз, тұрғындар кірісінің көлемі 6,7 пайызға артты», – деді ол баспасөз мәслихатында.