412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 2020 жылдың басында бес балабақша ашылады

  • 552
  • UPD: 17:03, 29.11.2019
Алматыда 2020 жылдың басында бес балабақша ашылады

Алматыда алдағы екі жыл ішінде 13 мың орынға арналған жаңа мектептер ашылады.

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Бүгінгі күні Алматы мектептеріндегі орын тапшылығы 30 мыңды құрайды. Балабақшалардағы орын тапшылығы 20 мыңнан асады.

«Бұл проблемаларды шешу үшін мемлекеттік-жеке әріптестік қағидасы бойынша мектептер салу бағдарламасы әзірленді. Таяу арадағы екі жыл ішінде шамамен 13 мың орынды сегіз мектеп салынатын болады», – деді Б. Сағынтаев.

Оның айтуынша, 2020 жылдың басында 790 орынды бес балабақша пайдалануға беріледі, жаңа оқу жылында 1800 орынды екі мектеп және бұрыннан бар мектептердің жанынан 2017 орынды бес қосалқы нысан іске қосылады.

2020-2022 жылдары жеке инвестициялық есебінен 2240 орындық төрт мектеп пен 8000 орындық 300 балабақша ашу жоспарлануда.

«Осылайша аталған шаралар екі ауысымда білім алатын мектептердегі тапшылықты 30 мың орынға қысқартады, сонымен қатар, балабақша кезегін 10 мың орынға азайтады», – деп атап өтті Алматы әкімі.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы