Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Б.Сағынтаев премьер-министрліктен кетіп әкімдік тізгінді қолға алудың айырмашылығы мен артықшылықтарын айтты.
«Мен Үкімет басшысы болғанға дейін де аймақ басқардым. Содан соң премьер-министр, кейін қайтадан әкімдік жұмысқа келдім. Жалпы, кез-келген орында артылған жауапкершілікті жете түсініп, бар ынта-жігеріңді салып, шаршамай жұмыс істеуің керек. Сонда ғана нәтиже шығады», – деді қала мэрі.
Оның сөзінше, Үкімет басында отырған жылдары жинаған тәжірибесі мен білімі қазіргі қызметінде пайдасын тигізуде.