421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы тұрғындары 2023 жылға дейін таза ауыз сумен толық қамтылады

  • 518
  • UPD: 14:38, 29.11.2019
Алматы тұрғындары 2023 жылға дейін таза ауыз сумен толық қамтылады md7.info

Алматы қаласының тұрғындары 2023 жылға дейін таза ауыз сумен толық қамтылуы тиіс.

Бұл туралы бүгін тілшілермен жүздесуде шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала әкімі соңғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, алдағы атқарылар іс-жоспарларын да ортаға салды. Қазір Алматыны дамытудың үш құжаты әзірленді. Атап айтқанда, мегаполистің шет аудандарындағы инфрақұрылым мәселелерін шешетін кешенді жосар құрылды. Сонымен қатар қала маңындағы елді мекендерде инженерлік құрылымы бар тұрғын үйлер салынады. Сондай-ақ «Алматы-2050» ұзақмерзімді даму стратегиясы әзірленді.

«Ең бастысы, Алматы бинзеске қолайлы, әлеуметтік жағдайы жақсы әрі қауіпсіз қалалардың тізімінде үздік жүздіккі кіруі тиіс», - дейді Бақытжан Сағынтаев. Осы мақсатта 2020-2024 жылдар аралығында 800 млрд теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. Қала әкімі қазіргі ең басты міндеттердің бірі тұрғындарды толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы