Алматыда орналасқан тиіннің мүсініне қатысты шешім желтоқсан айында қабылданады.
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Бәрін де тиін мәселесі бәрін қызықтырады. Барлық мәселе тиінге тіреліп жатса, мен оған қуанамын. Яғни басқа тірлік пен жұмыстың бәрі орында, жұрттың көңіл-күйі орнында. Тиін мәселесі – жеке жоба. Ол сабаннан жасалған,қазір тозығы жеткен. Қазір оның үсті брезентпен жабылып тұр. Сол жеке жобаның жетекшілері қазір біздің басқармаға шығып, өздерінің ұсыныстарын айтып жатыр. Қалай жандандыру мәселесі бойынша», – деді Бақытжан Сағынтаев.
Айтуынша, қандай шешім қабылданатыны тұрғындардың келісіміне байланысты.
«Енді желтоқсан айында жоба ұсынылып, сондағы тұрғындармен келіссек, онда бізде қарсылық жоқ. Өзара келіспесек, басқа шешім қабылданады», – деді қала әкімі.
Автор: Д.Доспан