423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сыбайлас жемқорлыққа жол берген басшы он күн ішінде отставкаға кетуге міндетті

  • 1007
  • UPD: 13:41, 29.11.2019
Сыбайлас жемқорлыққа жол берген басшы он күн ішінде отставкаға кетуге міндетті

Бұдан былай сыбайлас жемқорлық дәйегі расталған ұйымның бірінші басшысы он күн ішінде отставкаға кетуге міндетті.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға енгізілген жаңашылдық осы. Мамандар мемлекет басшысы қол қойған құжаттың елдегі пара алу мәселесін азайтады деген сенімде. Елордада жыл басынан бері түрлі салада 40-тан аса сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталған. Оның ішінде жергілікті атқарушы органның 2 лауазымды тұлғасы сотталды. Бүгін бас қалада сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша 10 іс қаралды. Жемқорлық фактілері азайғанымен, мемлекеттік сатып алу бойынша олқылықтарды ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Мамандар «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында мәселені шешуге мүдделі

Жазира Жылқышиева, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша басшысының бірінші орынбасары:

- Есіл аудандық әкімі аппаратында жұмыс істеген бас маманның өзі Елеусізов деген азамат сыбайлас жемқорлыққа барып, сот үкімі шықты, соны ұжымда қараған болатын. Ол тамыз айында жолданған ұсыныс. Әлі күнге дейін ұжымда қаралмаған. Сол қаралмаған ұсыныстарды жинақтап, қала әкімінің орынбасары бір аптаның ішінде бүкіл ұжымды жинап, қарастыруды және хаттама толтырып, оны жолдауды ұсынды. Сондай қылмыстарды біздің қызметкерлермен бірігіп қараймыз.

Хабар 24 телеарнасы