419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Айналма жолдың ашылуымен «Нұрлы жолдың» тағы бір тармағы жүзеге асты

  • 904
  • UPD: 18:20, 29.11.2019

Елорданың 87 шақырымдық үлкен айналма жолы толық пайдалануға берілді. Бүгін оңтүстік-батыс бағытының соңғы бөлігіндегі қозғалыс ашылды.

Әуежайдан Қостанай трассасына дейінгі аралықта транзиттік көліктер жүйтки бастады. Осылайша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының бір тармағы жүзеге асты. 

Елорданың оңтүстік-батыс айналма жолының құрылысы 2 жыл бойы жүргізілді. Жалпы ұзындығы 34 шақырымға созылып жатыр. Бойында 3 көпір, 4 жол айырығы салынды. Әуежай маңынан бастауын алып, Қабанбай батыр ауылына жетеді. Одан әрі Қорғалжын трассасын беттеп, Қостанайға шығар дәлізге апарады. Демек, елорда іргесіндегі бірқатар елді мекенді жалғайды. Ал транзиттік көлік жүргізушілері қалаға кірмей, сырт айналып, тиісті бағыттарына жол тартады. 

Үлкен айналма жол құрылысы негізі 1998 жылы басталған. Алғашында Қостанай мен Көкшетауға шығар жол арасы пайдалануға берілді. Бертін келе өзге де бағыттары іске қосылды. Ал соңғы оңтүстік-батыс беткейдегі жол қозғалысы мерзімінен бұрын қолданысқа беріліп отыр. 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Елорданың дамуы Елбасының ерекше назарында. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бас қаланың инфрақұрылымдық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді. Елорда қарқынды дамып, тұрғындардың өсуіне байланысты көлік инфрақұрылымының дамуына басты назар аударылды. Осы ретте, бұл жол Нұр-СҰлтан қаласының дамуына үлкен серпін береді. 

Жалпы ұзындығы 87 шақырым айналма жолдың соңғы учаскесін салуға 60 млрд теңге жұмсалды. Жоба - «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының бір тармағы. Түптеп келгенде елдің транзиттік әлеуетін жақсартуға үлес қосады. Тәулігіне 7 мың көлік жүйткиді. Елорда арқылы оңтүстіктен солтүстікке, шығыстан батысқа транзиттік тасымал қамтамасыз етіледі. 

Ұлан Әліпов, «Қазавтожол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:

- 4 жолақты, бірінші категория, ортасы бөлінген. Бірінші Б категориялы жол. Барлық жол айрықтары екі деңгейде. 

Жобаны отандық және қытайлық компания бірлесіп жүзеге асырды. 1 200 қазақстандық еңбекпен қамтылды. Құрылыс келер жылдың шілдесінде толық аяқталуы тиіс. 

Ерғас Мамреев, мердігер компанияның бас директоры:

- Барлық жұмыстар аяқталды. Кішігірім жұмыстар қалды. Жол белгілері, нұсқаулар. Қытайлық компаниямен бірлесіп жұмыс істедік. Олар 18 біз қалғаны. 

Бастысы қала ішінде көлік кептелісі азаяды. Әрі экологиялық ахуал жақсарады. 

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Аят Дүйсебаев

Хабар 24 телеарнасы