380,91 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы кітапханасында «Мәртебесі биік марапаттар» көрмесі ашылды

  • 280
  • UPD: 20:47, 29.11.2019

Көрме Тұңғыш Президент күніне арналған «Тарихи таңдау» ғылыми экспозициялық жобасы аясында ұйымдастырылған.

Көрмеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түрлі саладағы қоғамдық марапаттары қойылған. Жины саны 40-тан асады. Бұдан бөлек архив, музей және кітап жинақтарынан тұратын «Тіл тағдыры – ұлт тағдыры» көрмесі ашылды. «Тарихи таңдау» жобасы аясындағы көрмелер 2020 жылдың 29 ақпанына дейін жалғасады. 

Күләйша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы директорының орынбасары: 

- Біз «Тарихи тағдыр» көрмесін 2019 жылдың екі маңызды оқиғасына арнаймыз. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланғанына 30 жыл толуы.  Ол елдің болашағы үшін жауапкершілікті өзіне қабылдап, мемлекеттік басқару тұжырымдамасын дамытуға қажетті міндеттер шеңберін айқындады. Екінші оқиға - бұл сол уақыттағы ҚазКСР тіл туралы Заңының 30 жылдығы.

Хабар 24 телеарнасы