377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Прокурорлар Сириядан оралғандарды ұзақ мерзімге соттауды сұрады

  • 246
  • UPD: 21:20, 29.11.2019

Прокурорлар Сириядан елге қайтарылған 14 азаматты 10-нан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталушыларға Қазақстанда тыйым салынған Ирак және Левант лаңкестік ұйымының құрамында болды деген айып тағылып отыр. Елордада өткен ашық сот отырысында айыпталушылар кейбір қылмыстармен келіскенмен, өз кінәларын толық мойындаған жоқ. Бүгін сот отырысына 13 айыпталушы қатысты. Тағы біреуі денсаулық жағдайына байланысты процеске видеобайланыс арқылы қосылды. Еске салайық, «Жусан» операциясы аясында  елге қайтарылған 14 Қазақстан азаматына қатысты ашық сот отырысы 22 қазанда басталды.

Хабар 24 телеарнасы