376,84 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық Сәбит Жүсіпов келесі кездесуін Мәскеуде өткізеді

  • 233
Қазақстандық Сәбит Жүсіпов келесі кездесуін Мәскеуде өткізеді

Қазақстандық Сәбит Жүсіпов келесі кездесуін Мәскеу төрінде өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпқой жекпе-жек кеші 3 желтоқсанға жоспарланған. Ал жерлесіміздің қарсыласы ретінде өзбекстандық Отабек Салмонов таңдалды. Жартылай жеңіл салмақтағы жерлесіміз қазір елордада соңғы дайындығын пысықтап жатыр. Ол жуырда ғана панкратионнан әлем чемпионатына қатысып, байрақты бәсекеде топ жарған болатын. Соған қарамастан, бірер аптаның ішінде бабыма келіп үлгердім дейді.

Айта кетейік, Сәбит кәсіпқой жекпе-жек кештерінде бұған дейін 10 рет өнер көрсетіп, 8-ін айқын басымдықпен аяқтады.

Сәбит Жүсіпов, кәсіпқой жекпе-жек шебері:

– 3 желтоқсанда жаңа ашылған промоушнда төбелесемін. Онда жекпе-жек болады. Содан кейін көреміз. Жаңа жылдан кейін М-1 ұсыныс беретін шығар.

Хабар 24 телеарнасы