419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Орал мектептерінде Тұңғыш Президент күніне орай ашық сабақ өтті

  • 722
  • UPD: 22:40, 30.11.2019

«Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпы республикалық іс-шара Орал мектептерінде де ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінде өткен ашық сағатта Қазақстанның қазіргі қол жеткен табыстары сараланып, ел дамуындағы Елбасының еңбегі баяндалды. «Бұл мейрам Тұңғыш Президентке деген халықтың құрметін көрсетеді», - дейді ұстаздар.

Еркін Есенжолов, оқушы:

- Бұл сабақта оқушылар үш топқа бөлінді. Ол ең басты зерттеушілер, аналитиктер және стратегтер. Әрқайсысының өз мағынасы бар. Зерттеушілер ол Нұрсұлтан Назарбаевтың өсіп-өнгені, осы сабаққа қатысты тақырыптарды зерттейді. Ал аналитиктер еліміздің экологиялық өзекті жағдайларына баға береді. Ал стратегтар даму жолындағы қозғалыстарды көрсетеді.

Нұрсұлу Қиясова, №38 мектеп-лицейдің мұғалімі:

- Мейрамдардың ішінде әрине, ерекше орын алатыны – Елбасы күні. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны мен жалпы Қазақстанның тұғырын нығайту үшін қосқан үлесін және халықаралық деңгейдегі жүргізіп жатқан салиқалы саясатын оқушыларға жеткізу арқылы өскелең ұрпаққа негізгі тәрбие беру.

Хабар 24 телеарнасы