432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Айбын» президенттік полкі жас сарбаздармен толықты

  • 998
  • UPD: 22:01, 30.11.2019
«Айбын» президенттік полкі жас сарбаздармен толықты

Бүгін президенттік полк сарбаздары ант қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, «Айбын» мемлекеттік күзет қызметінің қатары тағы 70 жауынгермен толықты. Әскерилер бұл құрылымға қабылдану үшін арнайы іріктеуден өткен. Олардың физикалық дайындығы жоғары болуы керек, бойлары 185 сантиметрден кем болмауы тиіс. Сондай-ақ іріктеу кезінде жауынгерлердің психикалық және моральдық дайындықтары да сыналды. Президенттік полк қатарына қосылған сарбаздар енді жауынгерлік және саптық машық-дағдыларды үйреніп, мемлекеттік эталондарды күзетеді және Президенттің қатысуымен өтетін мемлекеттік іс-шараларға қатысады.

Хабар 24 телеарнасы