426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда отбасылық денсаулық орталығы ашылды

  • 893
  • UPD: 09:53, 01.12.2019

Медциналық жоба мемлекеттік жеке меншік серіктестік бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Емхана заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Тақырыпты тілшіміз толықтырады.

Айнұр Әбдиева, тілші:

- Бұл қалада жеке меншік серіктестік аясында ашылған алтыншы емхана. Мұнда қазір 25 мың адам тіркелген. Жаңа заманауи емханада ана мен бала орталығы бар. Орталықтағы қабырғалар ертегі кейіпкерлерімен безендірілген. Балалардың емханаға келулерін барынша жайлы еткен. 

Қазір емханада 14 жалпы тәжірибелік дәрігер қызмет көрсетеді. Келушілер электрондық кезекке тіркеліп, уақытымен қабылданып жатыр. 

Ақторғын Төлегенова, қала тұрғыны:

- Бұрын емханаға бару үшін екі аялдамадай жүретінмін, автобус күтумен. Қазір бес минутта коляскамен барамын. Мамандарға да жазылу тезірек болды. Кезекте жоқ ұзақ күтіп тұратын. Бұрын екі жарым сағаттай уақыт жұмсайтынмын, қазір бір сағатқа жетпес уақытта барлығын бітіріп шығамын. 

Оңтайлы орталықта күндізгі стацинонар қалтқысыз қызмет көрсетеді. Сонымен қатар бұл жерде консультативтік–диагностикалық бөлім де бар. Елді емдейтін емхана - озық үлгідегі аппараттармен жабдықталған.Білікті дәрігерлердің басты мақсаты -халыққа қолжетімді сапалы медцициналық қызмет көрсету. 

Сәния Боранқұлова, отбасылық денсаулық орталығының директоры:

- Егер науқасқа қандайда бір шұғыл көмек керек болса, оған бізде  кезекші дәрігер кабинеті қарастырылған.Жауапты дәрігерлер  азаматтардың дертіне дауа беруге сақадай сай дайын. Қарамағымыздағы мамандардың тәжірибесі мол. 

Отбасылық денсаулық орталығы 4 шағын аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсетеді. Мұнда заман талабына сай кресло-төсектер қарастырылған. Енді күндізгі стационарға келушілер аз  уақыт ішінде қажетті ем домдарын алып кетулеріне мүмкіндік ашылды. 

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов

Хабар 24 телеарнасы