375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да «Нұрлы жер» бойынша үйлер тұрғызылып жатыр

  • 198
  • UPD: 13:23, 01.12.2019
ШҚО-да «Нұрлы жер» бойынша үйлер тұрғызылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қос көпқабатты тұрғын үй салынуда.

Құрылыстың жалпы құны 810 миллион теңге. Мердігер компания қазір ішкі әрлеу жұмыстарына кірісе бастаған. 70 адам жұмыспен қамтылып отыр, олар негізінен жергілікті тұрғындар. Қызыл кірпіштер Аягөз қаласының өзінде шығарылса, ақ кірпіш Семей қаласынан жеткізіліп жатыр екен. Басқа да құрылыс материалдары толығымен отандық және сапалы деп сендіреді мердігерлер. Нысанды пайдалануға беру 2020-шы жылдың маусым айында жоспарлануда. Қалада баспана кезегінде мыңға жуық тұрғын тіркелген. Бұл үйге негізінен мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көп балалы аналарды қоныстандыру көзделіп отыр. 

Қуаныш Азыханов, Аягөз қаласының әкімі:

- Үйді беру заңдылықтары арендалық үй болып табылады. Арендалық үй ол сатылымға жатпайды. Көрсетілген шаршы метріне байланысты аренда бағасын тағайындайтын боламыз. Сол сбептен де тізімде тұрған мұқтаж адамдарға берілгеннен кейін арендасын уақытында төлеп тұра беретін болады. Осы арендаға берілген мүмкіншілікті пайдаланып, жеке өзіне үй сатып алуға мүмкіншіліктері бар.

Хабар 24 телеарнасы