378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісулықтар Елбасы туралы естеліктерімен бөлісті

  • 230
  • UPD: 20:19, 01.12.2019

«Қазақ елінің бүгінгі қол жеткізген жетістіктері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.

Жетісулық ел ағалары осылай дейді.

Олар өздері бел ортасында жүріп, еліміздің ертеңі үшін қабылданған маңызды шешімдердің куәгері ретінде біраз естеліктер айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еңбек ардагері, Талдықорған қаласының құрметті азаматы Аманғазы Шегіров Нұрсұлтан Әбішұлын кеңестік кезеңнен бері жақсы біледі. «Ол 1988 жылы Арменияда болған жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жоюға белсенді атсалысты. 500 мыңға жуық адам баспанасыз, үйсіз-күйсіз қалған еді. Соларға алғашқылардың бірі болып көмек қолын созды. Екіншіден, Елбасы Алматы облысының орталығын Талдықорғанға көшірмегенде, қала дәл бүгінгідей дамымас еді», – дейді ел ағалары.   

Аманғазы Шегіров, Талдықорған қаласының құрметті азаматы:

- Оның барлығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың талдықорғандықтарға көрсеткен жақсылығы деп есептеймін. Соның арқасында қазір Талдықорған Қазақстандағы жақсы, шырайлы, тұруға ыңғайлы қалалардың бірі болды. Қазақстан халқын 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Елбасымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеген азаматтардың бірі – Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт. Ол алғашқы және екінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде бірқатар заң жобасын қабылдауға атсалысты. Елбасының жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу мақсатында 128 жарлыққа қол қоюын, Алатау баурайынан Арқа төсіне бет түзеген ұлы көшті де тебірене еске алды.

Ермек Келемсейіт, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Астананы көшіріп апарғанымыз өте жақсы болды. Ол – тарихи дүние. Екіншіден, мұның әлі бағасы беріледі деп ойлаймын. Бұл өте оңтайлы шешілген шешім болды.

2004 жылы ауыл шаруашылығы министірлігінің орман және аң шаруашылғы комитетін басқарған Ермек Әбілмәжінұлы Астананың айналасын орманды алқапқа айналдыруға атсалысты. Елбасының қандай мәселеге де ұсақ-түйек деп қарамайтынын, ағаштарды дұрыс қоректендіруге, тіпті зиянкестерден қалай қорғау керектігіне дейін ерекше мән бергенін атап өтті.

Ермек Келемсейіт, ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Ол кісі кез келген затқа бей-жай қарамайды. Өйткені өзі шаруа отбасында өскен, бағбандықпен айналысқан, бәрін қолдан өткізген болғандықтан, артық сөз айту бекер. Қазір 100 мың гектар жерге екпе орман егілді.

«Біздің бүгінгі қол жеткізген жетістіктеріміздің барлығы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Сондықтан барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймыз!», – дейді талдықорғандықтар.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы