424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарында сарбаздар ант берді

  • 751
  • UPD: 19:48, 02.12.2019
Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарында сарбаздар ант берді

Мереке күні Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарындағы әскери бөлімдерге 2019 жылдың күзінде шақырылған 700-ге жуық жас сарбаздар Отанға адал болуға ант берді, деп хабарлайды «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасына сілтеме берген ҚазАқпарат .

Салтанатты шараға сарбаздардың туған-туысқандары, Қарулы күштердің ардагерлері, билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қонақтардың назарына әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы көрсетілді. Әскери қызметшілердің туысқандары борышын өтейтін сарбаздардың жағдайымен танысты, бөлім қолбасшылығымен кездесті. Рәсім әскери бөлімдердің аумағы және Жауынгерлік даңқ ескерткіштері алдындары мен қалалық саябақтарда өтті. Ақтөбе қаласында жас сарбаздардың әскери ант беруі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті паркінде өтсе, ал Атырау қаласында Жеңіс саябағының аумағында ұйымдастырылды. Ақтау және Бейнеу елдімекендерінде іс-шара әскери бөлім аумағында өтті. Ант қабылдаған сарбаздардың ұзын саны 700-ге жетсе, оларды қолдауға еліміздің шет-шетінен 1 500-ге жуық жақын-туысқаны келді.

Әскери ант қабылдаған жас сарбаздар ендігі кезекте жас мамандарды даярлау бағдарламасына сәйкес жауынгерлік үрдіске кіріседі. Жарты жылдан соң олар әскери мамандық иесі атанып, артиллерияшы, танкіші, атқыш, байланысшы лауазымдарында толыққанды Отан қорғаушылар мәртебесіне ие болады.

Хабар 24 телеарнасы