376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде жаңа мемлекеттік жәрдемақының талаптары түсіндірілді

  • 238
  • UPD: 07:58, 03.12.2019
Ақтөбеде жаңа мемлекеттік жәрдемақының талаптары түсіндірілді

Келер жылдың қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау ережесі өзгереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соған сәйкес, енді кедейшілік шегі мен отбасының кірісі есептеліп, айырмашылығы төленбек. Бұл туралы ақтөбеліктермен кездескен жауапты мекеме басшылары түсіндірді. Бүгінде  қала бойынша он мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Осы уақытқа дейін бұл мақсатқа 4 млрд. 200 млн теңге бөлінген. Ал отбасының табысы белгілі мөлшерден асқан 313 жанұяға көмек көрсету тоқтатылған. Мамандардың айтуынша, 2020 жылдан бастап енгізілетін өзгеріс масылдықты жоюды көздейді. Бұдан өзге көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны өсіру қарастырылып отыр.

Алтынай Мақанова, қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы:

– Ең бастысы, бала күтімімен бүгінгі күнге дейін 7 жасқа дейін отыра алса, ата-ананың біреуі бала күтімімен 3-жасқа дейін отыра алатын болады. Және де еңбекке жарамды отбасы мүшесі міндетті түрде жұмысқа орналасуы қажет. Енді балалар жәрдемақысы туралы айтсақ, ол жерде 4 балалы  отбасыларға 42 500 теңгеден, 5 балалы 53 мың теңге, 6 балалы 63 000 теңге және 7 балалы және одан да көп 73 мың теңгеден төленеді. 

 

Хабар 24 телеарнасы