421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда мектептерге кәсіби күзет қызметін тарту ұсынылды

  • 618
  • UPD: 07:57, 03.12.2019
Петропавлда мектептерге кәсіби күзет қызметін тарту ұсынылды

Петропавлдағы мектептерге мамандандырылған күзет қызметін тарту керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицейлер мен педагогтардың кездесуінде осындай ұсыныс айтылды. Олардың айтуынша,  бұл – қауіпсіздік шараларын күшейтуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қаладағы оқу ордаларына 1 жарым мың бейнебақылау камерасы орнатылған. 15 мектеп жедел басқару орталығына қосылған. Енді тәртіп сақшылары білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін күзет қызметіне беруді ұсынып отыр. 

Марат Төлебаев, облыстық ПД басшысы:

– Біздің бірінші міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оларды кез-келген қылмыстан сақтау. Бұл бағытта алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Дегенмен, қауіпсіздікті күшейту керек.

Хабар 24 телеарнасы