380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысына жыл сайын келетін туристер саны 7 млн-ға жетуі мүмкін

  • 299
  • UPD: 09:05, 03.12.2019
Алматы облысына жыл сайын келетін туристер саны 7 млн-ға жетуі мүмкін

Мамандардың болжауынша, енді бір 5 жылдан соң Алматы облысына жыл сайын келетін туристер саны 7 миллион адамға жетуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның тең жартысы тау кластеріне қатысты. Бұл салаға 1 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылғанын да айта кетейік. Соның арқасында 22 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Жер жәннаты – Жетісу жерінде 772 туристік нысан бар. Соңғы бес жылда өңірге келетін саяхатшылар саны 2,5 есеге артып, ол 2 миллион адамға жетті. Ал ақылы қызмет көрсету көрсеткіші 3,5 есеге дейін өсті. Қазір облыс аумағында бұл бағыттағы маркетингтік жұмыстар қызу жүріп жатыр. 

Жанар Алшымбаева, облыстық туризм басқармасының басшысы:

– 2025 жылға дейін жоспарлап отырған белесіміз – ол 7 миллиондай турист қабылдау. Оның ішінде 4 миллионы тау кластеріне тиесілі болады. Оның ішінде тағы 3,5 миллионы Алматы облысына келеді деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы