421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жанұя» отбасын қолдау орталығы өңірлерде ашылады

  • 1050
  • UPD: 13:51, 03.12.2019
«Жанұя» отбасын қолдау орталығы өңірлерде ашылады

Соңғы 3 айда елордадағы отбасы институтын қолдау орталығына 6 мың 300 азамат келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 13 мыңнан астам ісі қаралды. Оның ішінде 3 мыңға жуығы қазіргі таңда шешімін тапты. Мәселен, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, жұмысқа орналастыру, қысқа мерзімді курстарда оқыту, заңдық-құқықтық және психологиялық көмек сынды сұрақтар қамтылды. Қала мен облыс әкімдерінің орынбасарлары бүгін осы орталыққа келіп, жұмысымен танысты. Олардың айтуынша, «Жанұя» орталықтарын ашу жұмыстары өзге де өңірлерде қолға алына бастайды. Айта кеткен жөн, отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуге арналған қоғамдық қор жұмысы биыл тамыз айында басталды. Мұнда 60 маман қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға 70-тен астам қызмет түрін көрсетеді.

Бақтияр Мәкен, қала әкімінің орынбасары:

– Көбіне әлеуметтік мәселелер, мысалы тұрғын адам жүұгінгенүй мәселесі, мемлекеттік бағдарламалар, сол бағдарламаларды шешу жолдары, АӘК, басқа да басқа әлеуметтік тиісті мемлекеттік тұжырым бағдарламаларға арнайы шешім жолдары айтылып, түсіндірме беріледі.

Айгерім Тәңірбергенова, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының директоры:

– Біздің орталығымызды екінші қабатта «Кәсіпкер Ана» жобасы жұмыс істейді. Бұл жобаның ең басты мақсаты –әйелдерді, үйде отырған көп балалы әйелдерді, жалғызбасты, жағдайы төмен әйелдерді өз кәсібін ашуға көмектесу.

Хабар 24 телеарнасы