399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы жылы Минск – Ақтау тұрақты әуе қатынасы ашылады

  • 500
  • UPD: 16:11, 03.12.2019
Алдағы жылы Минск – Ақтау тұрақты әуе қатынасы ашылады

«Белавиа» әуе компаниясы Минскіден Алматыға қатынайтын рейстерді аптасына 5-тен 7 рейске дейін ұлғайтады.

Бұл қазақстандық делегацияның Беларусь Республикасының авиация биліктерімен келіссөздер жүргізу нәтижесінде іске асырылады, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Сондай-ақ 2020 жылдың жаз кезеңінен бастап Минскіден Ақтауға аптасына 3 рейс жиілікпен тұрақты рейс ашылады.

«Мемлекет Басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында екі ел арасындағы  ұшу жиіліктерінің саны артты. Сондай-ақ екі елдің тағайындалған әуе компанияларына ұшу кезінде кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасасу мүмкіндігі берілді», - делінген хабарамада.

Хабар 24 телеарнасы