427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылдан бастап теміржол билеттерін мобильді қосымша арқылы алуға болады

  • 808
  • UPD: 17:26, 03.12.2019
2020 жылдан бастап теміржол билеттерін мобильді қосымша арқылы алуға болады

Келер жылы «Мобиус» жүйесі негізінде теміржол билетін сататын мобильді қосымшаны және билетті төте сату жүйесін енгізу жоспарлануда.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Асылхан Сабитбекұлы мәлімдеді.

«Төте сату жүйесі арқылы төте маршрут болмаған жағдайда, клиентке басқа пойызға ауысып отыратын орын ресімдеуге, ал ол пойыздан орын болмаған жағдайда орынды келісілген пойыздарға ресімдеуге мүмкіндік беріледі», - деді ол.

Айтуынша, 2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 15,9 миллионнан астам теміржол билеті сатылған. Бұл сатылған билеттердің жалпы көлемінің 80%-нан астамы электронды түрде ресімделген, оның 5,3 миллионы немесе 27%-ы интернет-ресурстар арқылы сатып алынған.

Сонымен қатар жолаушылармен байланысты қамтамасыз ету мақсатында өтініштерді есепке алудың бірыңғай жүйесі іске қосылды.

Өтініштер 24/7  режимінде жұмыс істейтін 1433 нөмірі бойынша қабылданады, бұл қызмет қалалық байланыс абоненттеріне тегін, ал ұялы байланыс абоненттеріне ақылы түрде көрсетіледі. Сондай-ақ жолаушылар «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы бас директорының блогына да өтініш білдіре алады.

Хабар 24 телеарнасы